Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының алғашқы жекпе-жек кестесі жарияланды
Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының алғашқы жекпе-жек кестесі жарияланды
Фото: olympic.kz
Қазақстан әйелдер құрамасы өкілдерінің Стамбұлда (Түркия) өтіп жатқан 2022 жылғы бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерінің кестесі белгілі болды. Қазақстан рингке бірінші болып Валентина Хальзова шығады: ол 9 мамырда өнер көрсетеді және өзінің алғашқы жекпе-жегінде Лорна Кус Симби Кениямен кездеседі. Қазақстандық спортшылардың алғашқы жекпе-жектерінің кестесі мынадай: 9 мамыр Кешкі сессия 70 кг. Валентина Хальзова — Лорна Кус Симби (Кения) 10 мамыр Кешкі сессия 48 кг. Алуа Балқыбекова – Приянка Диллон (Канада) 11 мамыр Күндізгі сессия 52 кг. Жайна Шекербекова - Мелоди Варгас (Пуэрто-Рико) 57 кг. Карина Ибрагимова - Клаудия Нечита (Румыния) / Сабина Суч (Венгрия) 63 кг. Аида Абикеева - Иман Хелиф (Алжир) Кешкі сессия 75 кг. Надежда Рябец - Бушра Ишилдар (Түркия) 12 мамыр Күндізгі сессия 50 кг. Назым Қызайбай - Ингрит Валенсия (Колумбия) 54 кг. Дина Жоламан - Мария Мадуэньо Конде (Испания) 60 кг. Римма Волосенко - Шона Уитуэлл (Англия) Кешкі сессия 66 кг. Дариға Шәкімова - Навбахор Хамидова (Өзбекстан) 13 мамыр Кешкі сессия 81 кг. Гүлсая Ержан — Олеся Рысюк (Украина) + 81 кг. Ләззат Күнгейбаева — Шеннур Демир (Түркия).