"Өзімді 100 пайыз көрсете алмадым" – Канело
"Өзімді 100 пайыз көрсете алмадым" – Канело
Фото: fightnews.info
162
оқылды
Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы, 31 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес жартылай ауыр салмақта WBA белбеуі үшін өткен кездесуде Дмитрий Биволдан жеңілмегенін мәлімдеді, – деп жазады Vesti.kz "Мен бұл кездесуде жеңдім. Мүмкін төрт немесе бес раундта ұтылған шығармын. Бірақ жекпе-жекті толық ұтылмағаным анық. Соңғы раундтарға келгенде аздап шаршап қалғандай болдым. Алайда шаршы алаңда жалпы өзімді жақсы сезіндім. Бұл салмақ маған біраз қиын болған сияқты. Сол үшін де мен өзімді 100 пайыз жақсы қырымнан көрсете алмадым", – деп келтіреді Сауль Альварестің сөзін DAZN. Кеше Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Сауль "Канело" Альварес карьерасында екінші мәрте жеңілген болатын. Оның еншісінде 57 жеңіс бар. "Канело" ең бірінші рет 2013 жылы Флойд Мейвезерден ұтылған. Ал кеше болған айқаста ол 113-115 есебімен есе жіберді. Ал ресейлік Дмитрий Бивол мансабында 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол – кәсіпқой бокс шаршы алаңында жеңілмеген.