Бокстан әлем чемпионатын Қазақстанның қай телеарнасы көрсететіні белгілі болды
Бокстан әлем чемпионатын Қазақстанның қай телеарнасы көрсететіні белгілі болды
Фото: olympic.kz
206
оқылды
Түркияның Стамбұл қаласында әйелдер арасында өтетін бокстан 2022 жылғы Әлем чемпионатын Қазақстанның қай телеарнасы көрсететіні анықталды. Қазақстандық жанкүйерлер боксшы қыздарымыздың өнерін Qazsport телеарнасынан тамашалай алады. Әлем чемпионаты бүгін басталды. Дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы сынға түседі. Олардың қатарында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бар. Ел құрамасынан бүгін Валентина Хальзова кениялық Лорна Куса Симбимен кездеседі. Сондай-ақ қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жегін Канада, Колумбия, Пуэрто-Рико, Испания, Финляндия, Алжир, Өзбекстан, Түркия және Украина спортшыларына қарсы өткізеді.