Геннадий Головкиннің келесі "Канелоның" орнын баса алатын қарсыласы кім екені айтылды
Геннадий Головкиннің келесі "Канелоның" орнын баса алатын қарсыласы кім екені айтылды
Фото: Twitter
301
оқылды
J Calderon Boxing Talk бокс туралы YouTube арнасының авторы Геннадий Головкинмен жекпе-жекте Сауль "Канело" Альварестің орнын оның отандасы мексикалық Хайме Мунгия алмастыруы мүмкін деп болжады.  Бір күн бұрын Альварес Дмитрий Биволдан күтпеген жерден жеңілген еді, содан кейін ол қарымта қайтарғысы келетінін жариялады. Олардың қайта кездесуі қыркүйек айында өтеді деп жоспарланып отыр. Одан бұрын "Канелоның" Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегі осы айға жоспарланған болатын, – деп жазады Sports.kz. "Енді " Канеломен " жекпе-жек болмайды, Хайме Мунгия Головкинмен жекпе-жек өткізсе, ақшалай жағынан анағұрлым лайықты кездесу болады. Осыдан көресіздер, бұл жекпе-жек орта салмақта WBA және IBF титулдары үшін  өтеді", – деп жазды ол Твиттерде.