Із-түзсіз жоғалған БҚО тұрғыны 10 айдан бері табылмай жатыр
Із-түзсіз жоғалған БҚО тұрғыны 10 айдан бері табылмай жатыр
Фото: mgorod.kz
196
оқылды
Марат Шурин 2021 жылдың 4 тамызынан хабар-ошарсыз. Ол таңғы алтыда "Қарақұдық" қыстағынан шыққан, содан оралмады, – деп жазады  "Мой город". Мараттың жұбайы Айнара Закарина тағы да БАҚ-қа жүгінді. Ол 47 жастағы күйеуі табылады деп үміттенеді. Ол он айдан бері іздестіріліп жатыр, бірақ әзірге ешқандай хабар болмай тұр.
"Ішкен кездері болды. Салынып кеткен кезі сирек. Үйде болды, жұмыс істеді. Айтарлықтай ауруы жоқ, есте сақтау қабілеті жағынан проблема жоқ. Ұлы мен екі қызы бар. Ол Жәнібек ауданы Көгенкөл ауылдық округінің Көлтабан бөлімшесінің "Қарақұдық" қыстағына жұмысқа кетті. Сол жерде 3-4 күн жұмыс істеп,  таңғы алтыда белгісіз бағытта кетіп, содан оралмады. Одан кейін оны ешкім көрмеген", – дейді Айнара Закарина. Марат Шурин жұбайының сипаттауынша, қысқа шашты және сол қолында татуировкасы бар. Бойы – 172 сантиметр. .