Қазақстан мен Мальдив Үкіметі визасыз режим туралы келісімге қол қойды
Қазақстан мен Мальдив Үкіметі визасыз режим туралы келісімге қол қойды
216
оқылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мальдив Республикасының Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды. Бұл екі елдің азаматтарына Қазақстан мен Мальдив аумақтарына 30 күннен аспайтын мерзімге баруға және онда болуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бұл ретте жұмысқа орналасу, білім алу немесе іскерлік мақсатта кіруге ниет білдірген адамдар тиісті визаны ресімдеу қажет.  width= 2021 жылғы қазан айында Қазақстан мен Мальдив өз азаматтарына екі елдің шекараларын өту кезінде COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамаларын беру міндеттемесінен босататын вакцинация паспорттарын өзара мойындағаны мәлім.