Биволдың жеңісіне бәс тіккен бокс жұлдызы қомақты қаржы ұтып алды
Биволдың жеңісіне бәс тіккен бокс жұлдызы қомақты қаржы ұтып алды
Фото: kaz.vesti.kz
192
оқылды
Кәсіпқой бокста жеңілмеген, бес салмақ бойынша әлем чемпионы болған Флойд Мейвезер Дмитрий Биволдың жеңісіне бәс тігіп, қомақты қаражат ұтып алды. Бокс жұлдызы жартылай ауыр салмақтағы WBA белбеуінің иегері, ресейлік Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесуде белбеуін қорғап, жеңіске жетеді деп бәс тіккен. Мейвезер қателеспей, қомақты қаржыға ие болды, – деп жазады  kaz.vesti.kz Кейін боксшы өзінің әлеуметтік желісінде бәс тіккен чекті көрсетті. Ол Биволдың жеңісіне 10 мың доллар қойып, 42,500 доллар ұтып алды.