Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
157
оқылды
Президенттер бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтап, бауырлас екі мемлекеттің халқына құт-береке тіледі. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және басқа да салалардағы өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты жандандыруға ерекше мән берді. Сондай-ақ көпжақты серіктестікті одан әрі жан-жақты дамытуға ниеттестік білдірді.