Атырау облысының Исатай ауданында жоғалған 11 адам табылды

Атырау облысының Исатай ауданында жоғалған 11 адам табылды

Атырау облысында жоғалған 11 адам табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 9 мамыр күні сағат 10.50-де Исатай ауданында Аққыстау ауылынан 160 шақырым жерде Атырау облысы ТЖД күшімен 11 адам (жүргізуші мен жолаушы) іздестірілді. Олар 8 мамыр күні сағат 14.00-де "УАЗ" маркалы автокөлігімен Махамбет ауданына қарай жолға шығып, қолайсыз ауа райына байланысты жолдан адасқан. "Жоғалған жолаушылар 9 мамыр күні сағат 14.50-де Исатай ауданында Жасқайрат елді мекенінен 85 шақырым қашықтықта табылды. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек қажет емес. Қазір Жасқайрат елді мекенінен Х.Ерғалиев ауылына аман - есен жеткізіліп, туыстарына тапсырылды", – деп хабарлады ТЖД.