Майк Тайсон «Канелоға» келесі жолы Биволды қалай жеңу керек екенін айтты
Майк Тайсон «Канелоға» келесі жолы Биволды қалай жеңу керек екенін айтты
Фото: marca.com
212
оқылды
Ауыр салмақтағы  экс әлем чемпионы Майк Тайсон Сауль "Канело" Альварестің Дмитрий Биволмен жекпе-жектегі басты қателігі оның джебпен аз жұмыс істегені деп санайды. Бұл туралы Sports.kz басылымы жазды. "Менің ойымша, егер "Канело" өзінің джебін тиімді пайдаланып, оны қатты ұрса, онда Бивол жақындай алмайды. Ол жігіт джебке алаңдамады, сол себепті "Канелоға" жақындады. Сондықтан ол агрессивті және батыл болды. "Канело" джебті қолданбағандықтан қорғанысы болмады. Егер сіз джебті ұрмасаңыз, онда қарсыласыңыз Бивол сияқты жақындай түседі. Келесі жолы өзіңіздің джебіңізді қолданыңыз, жекпе-жек басқаша болады. Әйеліммен жекпе-жекті талқыладық, оған "Канело" джеб қолданбайтынын айттым. Келесі раундта оның джебті ұрғанын көрдім. Демек, бұрышта оған дәл солай айтылды. Егер ол джебті қолданса, жекпе-жек басқаша болар еді", – деді Майк Тайсон. Еске салайық, жетінші мамырдан сегізінші мамырға қараған түні Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен Биволдан жеңіліп қалды.