Әлем чемпионаты: Қазақстан боксшысы кениялық қарсыласын нокаутпен жеңді
Әлем чемпионаты: Қазақстан боксшысы кениялық қарсыласын нокаутпен жеңді
Фото: sports.kz
239
оқылды
Бүгін Стамбұлда (Түркия) бокстан 2022 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, оған Қазақстан боксшылары қатысып жатыр.  Әлем біріншілігіне Қазақстаннан бірінші болып 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Валентина Хальзова қатысты. 70 келіге дейінгі салмақта ол Кениядан келген Лорна Кус Симбимен кездескен. Қазақстандық спортшы бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, нокаутпен жеңді, – деп жазады Sports.kz. Айта кетейік, ертең Қазақстан командасынан 48 келіге дейінгі салмақтағы рингке Алуа Балқыбекова шығады, оның қарсыласы Канададан келген боксшы Приянка Диллон болады.