Валентина Хальзова кениялық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген видео жарияланды
Валентина Хальзова кениялық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген видео жарияланды
Фото: sportsweek.org
Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Стамбұл қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.  70 келіге дейін салмақта сынға түскен боксшымыз бірінші айналымда Кения елінің өкілі  Лорна Кус Симбимен кездесіп, жекпе-жекті Хальзова бірінші раундта аяқтады. Валентина алдымен қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынан нокаутпен жеңді.  Енді Хальзова әлем чемпионатының екінші айналымында кореялық Сеон Сужинге қарсы өткізеді. Айта кетейік, ертең Қазақстан командасынан 48 келіге дейінгі санаттағы рингке Алуа Балқыбекова шығады, оның қарсыласы – Канададан келген боксшы Приянка Диллон.