Ақмола облысында 10 жасар бала қарындасын құтқарам деп өзенге секірген
Ақмола облысында 10 жасар бала қарындасын құтқарам деп өзенге секірген
334
оқылды
Ақмола облысында ойнап жүріп, өзенге құлаған екі бала құтқарылды, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Оқиға 9 мамырда Целиноград ауданының Ақмол ауылында болды. 10 және 6 жастағы ағалы-қарындас екі бала өзенде аққуды тамақтандырып жүргенде қыз баланың аяғы тайып, суға құлап кеткен.  Оны құтқарам деп ағасы да суға секіреді. Алайда, екеуі де судан шыға алмады. Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам оларды көріп қалып, көмекке келген.