Соғыстан кейін Кеңес әскері қайыр тілеп кетті

Соғыстан кейін Кеңес әскері қайыр тілеп кетті

Ұлы отан соғысында 46 миллион 250 мың адам жараланды. Үйіне оралған 775 мың майдангердің бас сүйегі жарылған. Бір көзі жоқ 115 мың, соқырлар 54 мыңды құрады, – деп жазады malim.kz.

Сталиннің жеңісі – халықтың қасіреті

 />

Жеңістің 25 жылдығы қарсаңында маршал Конев тапсырыс бойынша «Комсомольская правда» газетіне мақала жазуға көмектесуімді сұрады. Керекті деген әдебиетке көміліп алып, «Комсомольская» күтіп отырған материалдың нобайын сол кездегі жеңістік рухпен тез арада қалыптап, келесі күні қолбасшыға келдім. Көрініп тұр: бүгін көңіл-күйі жақсы емес.

- Оқы, – деп бұрқ етті де кең кабинетте тынымсыз жүре бастады. Шамасы, күйіп тұрған бір мәселе қинайтын секілді.

Шікірейіп алып, мақтау естуден үмітті кейіпте, өр деммен бастадым. «Жеңіс – бұл ұлы мереке. Бүкілхалықтық салтанат пен шаттық күні. Бұл...»

- Жетеді! – маршал зірк етіп бөліп тастады. – Шаттанып болдық қой! Естудің өзі жиіркенішті. Сен мынаны айтшы одан да, туғандарыңның бәрі соғыстан оралды ма? Аман-сау қайтты ма бәрі?

- Жоқ. Тоғызымыз кем шықты, оның бесеуі хабар-ошарсыз кетті, – деп міңгірледім, оның неге бастап бара жатқанын ұқсам бұйырмасын. – Тағы үшеуі балдаққа сүйеніп келді.

- Қанша адам жетім қалды? – деді қанағаттанбай.

- Жиырма бес жас бала және алты қаусаған шал-кемпір.

- Ал солар қалай өмір сүрді? Мемлекет қамтамасыз етті ме?

- Өмір сүрген жоқ, әйтеуір өлместің күнін кешті, – деп шынымды айттым. – Қазір де оңып тұрған жоқ. Хабар-ошарсыз кеткендердің отбасына ақша қарастырылмаған... Шешелері мен жесірлері жылай-жылай көзі бұлаудай болды, бәрі аяқасты біреуі болса да оралып қала ма деп үміттенеді. Әбден титықтап бітті...

- Онда туған-туысың қайғырып жатқанда сен неменеңе жетісіп шаттанып жүрсің! Отыз миллион қаза болғандар, қырық миллион мүгедек пен тәлкекке ұшыраған солдаттың отбасы қуана ала ма? Олар азаптанады, мемлекеттен бақыр тиын ғана алатын мүгедектермен бірге қиналады...

Есеңгіреп қалдым. Коневтің мұндай күйін алғаш көруім. Кейін білдім, оны мұнша ашындырған Брежнев пен Суслов екен, хабар-ошарсыз кеткен майдангер байғұстардың жоқ-жітік отбасыларына мемлекеттен тиісті қамқорлық болу керек деп талпынған маршалдың десін қайтарып тастапты.

Иван Степанович жазу үстелінен мәлімет парағын алды, шамасы әлгі Совет одағының төрт мәрте батыры, «Жеңіс Орденінің» кавалері және үш мәрте Совет одағының идеологы болған маршалдың алдына сан мәрте қайтып келген баяндама болса керек. Маған ұсына беріп жазғыра сөйледі:

- Отан қорғаушы болу дегеннің бізде қандай екенін қарап көр ал. Олардың жақындары қалай күнелтіп жүр екен. Қайдағы шаттану оларға?!

<strong>«Совершенно секретно» деген таңбасы бар қағаз цифрдан көрінбейді. Қаншалық ішіне кірген сайын, соншалық жүрегім шымырлап кетті: «...46 миллион 250 мың адам жараланды. Үйіне оралған 775 мың майдангердің бас сүйегі жарылған. Бір көзі жоқ 115 мың, соқырлар 54 мың. Бет-аузы бұзылған 501 342. Мойын омыртқасы қисайған 157 565. Қарны жарылғандар 444 046. Омыртқасына зақым келген 143 241. Жамбас жағынан жараланған 630 259. Жыныс мүшесі жұлынған 28 648. Бір қолы жоқ 3 миллион 147. Қолы жоқтар 1 миллион 10 мың. Бір аяғы жоқ 3 миллион 255 мың. Аяғы жоқ 1 миллион 121 мың. Қол-аяғының бір бөлігі жұлынғандар 418 905. «Самаурын» аталып кеткен, қол-аяқсыз тұл қалғандар – 85 942».</strong>

<img src=
Совет азаматтарының хаттарынан жарымжан, мүгедек әскерлердің суреттерін алып тастау туралы НКГБ нұсқауы. Фото: gordonua.com
 
- Міне, ал енді мынаған қара, – деп Иван Степанович жағдайды түсіндіруді жалғастырды. «25 маусымға қарай, үш күн ішінде жау әскері елімізге 250 километр ішкерілеп енді. 28 маусымда Беларусь астанасы Минскті алды. Сырттан орау тәсілімен Смоленскіге жақындайды. Шілдені ортасына қарай 170 совет дивизиясының 28-і толықтай қоршауда қалды, 70-і орасан зор шығынға ұшырады. Дәл осы 41-дің қыркүйегінде Вязьмоға қарайтын 37 дивизия, 9 танк бригадасы, Резервтегі Бас командования және төрт Далалық армия басқармасының 31 артполкі қоршауға алынды. Брянскідегі қоршауда 27 дивизия, 2 танк бригадасы, 19 артполк және далалық басқарудың үш армиясы қалды. 1941 жылдың өзінде ғана 170 совет дивизиясының 92-сі, 50 артиллериялық полк, 11 танк бригадасы және далалық басқарудағы 7 армия қоршауға түсіп, қайта шыға алмады. Фашистік Германия Совет одағына шабуыл жасаған 22 маусым күні КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі 1905-1918 жылдары туған 13 жас ерекшелігі бойынша әскерге міндеттілерді жұмылдыру туралы мәлімдеді. Әп-сәтте 10 миллионнан астам адам жұмылдырылды. Екі жарым миллион еріктілерден 50 жасақ дивизиясы және 200 жеке атқыштар полкі құрылды, олар ешқандай киімсіз, іс жүзінде ешқандай тиісті қару-жарақсыз соғыс отына кіргізілді. Екі жарым миллион жасақтың 150 мыңнан астамы ғана тірі қалды». Онда әскери тұтқындар жайлы да айтылыпты. Негізінен, 1941 жылы Гитлердің тұтқынына түскендер жайлы: Гродно-Минск маңында – 300 мың совет әскері, Витебск-Могилев-Гомель қоршауында – 580 мың, Киев-Умань – 768 мың. Чернигов маңы мен Мариуполь аумағында – тағы 250 мың. Брянск-Вяземский қоршауында 663 мың адам қалды, т.с.с. Егер өлі-тірісін қосса Ұлы Отан соғысы жылдары фашистік тұтқында аштықтан, суық пен үмітсіздіктен өлген, Сталинге жау, дезертир атанған төрт миллиондай совет жауынгері мен командирін санап аласыз. Қайырымсыз отаны үшін жан беріп, адам сияқты көмілмей қалғандарды да еске ала кеткен ләзім. Сол баяғы Сталиннің кесірінен полктар мен дивизияларда жерлеу тобы болған жоқ – көсем белгілі бөспелігіне салып, олардың бізге түкке керек емес екеніне сендірді: айбынды Қызыл Армия жауды өз жерінде талқандап, қирата соққы береді, ал, өзі аз ғана қан төгеді. Осы бір менмен былжырақтың өтеуі өте қатал болды, бірақ, генералиссимус үшін емес, оның жаны ашымайтын жауынгерлер мен командирлер үшін. Орман-тоғайларда, далалар мен сай-салаларда көмусіз қалған екі миллионнан астам қаһарманның сүйегі шіріді. Ресми құжаттарда олар хабар-ошарсыз кеткендер тізіміне енгізілді – қаншама жетім-жесірдің жәрдемақысыз қалғанын есепке алсаң, мемлекеттік қазына үшін кәдімгідей үнем. Сол кездегі әңгімесінде маршал соғыстың басындағы біздің «жеңімпаз, аңызға айналған» Қызыл армияның соншалық апатқа ұшырауының себебіне де тоқталды. Масқара шегініс пен жантүршігерлік шығынға душар еткен – соғысқа дейінгі армия жетекшілерінің сталиндік тазалауға ұшырағаны. Қазір бұл жағдайды генералиссимусты құрметтейтін ауруға шалдыққандардан басқаның бәрі біледі (сосын біле тұра білмеген болатын аңқаулар), ал ол кезде әлгіндей мәлімдеме тітіретіп жіберетін. Бірден-ақ көп нәрсеге көзімді ашты. Бассыз қалған армиядан не күтуге болады, бұрыннан келе жатқан тәжірибелі әскербасылар батальон командирлеріне дейін лагерьлерге айдалды немесе атылып кетті, ал олардың орнына жастар – оқ-дәрінің иісі мұрнына да бармаған лейтенанттар мен политруктар тағайындалды... - Жетер! – деп маршал цифрлары басыма сыймай тұрған қорқынышты құжатты алды да, күрсінді. – Ненің не екені енді түсінікті шығар? Ал, қалай тойлаймыз? Газетке не деп, қай жеңіс туралы жазамыз? Сталиннің жеңісі ме? Әлде Пиррдің жеңісі үшін бе? Айырмашылық та жоқ қой! - Жолдас маршал, мен тура есеңгіреп тұрмын. Бірақ, «по советски», – деп барып, бөгеліп қалдымда: – «по совести» жазу керек деп ойлаймын. Тек, бұл жолы өзіңіз жазыңыз, дұрысы сіз айтып отырыңыз, мен жазып шығам. - Жаз, магнитофонға жазып ал, бұдан
кейін мұндайды менен естімейсің!
 
 />

<small><em>Советтік цензураның
Соғыс мүгедектері мен Совет армиясынан қайтқандардың антисоветтік пиғылы мен наразылығы туралы берілген есеп. Фото: gordonua.com
Сол күні маршал көп нәрсе айтты. Содан соң, кедейлік пен кембағал тіршілік қабаттасып мүлде құрып біткен денсаулық тығырыққа тіреп, ішімдікке салыну, азапқа түскен әйелдерінің жазғыра бастағаны, отбасы – ошақ қасындағы айғай-шу адам төзгісіз жағдайға алып келгені жайлы айтты. Бұл жағдай ақырында, физикалық жағынан кемдікке түскен жауынгерлерді үйден көшеге алып шықты, олар алаңдарда, вокзалдар мен базарларда көбінесе қайыршылықпен күнелтті, бетімен кетті. Әбден құрып біткен қаһармандар бірте-бірте құрдымға кетіп жатты, бірақ, бұл үшін олар кінәлі емес еді. 40-жылдардың соңына қарай әбден сорлаған әскери мүгедектердің тасқыны жақсы өмір іздеп шеткі аймақтардан Мәскеуге құйылды. Астана осы бір, енді ешкімге керексіз жандарға толып кетті. Пана болар, әділдік орнар деген алдамшы үміт жетегінде митингіге шыға бастады, өздерінің сіңірген еңбегін биліктің есіне салып, мазалап, талап ете бастады. Бұл, әлбетте, астаналық және үкіметтік чиновниктердің жанына жаға қойған жоқ. Мемлекеттік тұлғалар мазаны алып біткен масылдардан құтылу жолында біраз бас қатырды. Ақыры, 49-дың жазында Мәскеу аса құрметті көсемнің мерейтойын тойлауға дайындала бастайды. Астана шетелдерден қонақтар күтіп отыр: жуынды, тазарды. Ал мынау жауынгерлер – балдаққа сүйенген, арбаға мінген, жер бауырлаған, қаптаған әлгі «тасбақалар» – «басынғаны» сонша, дәл Кремльдің алдында наразылық білдірді. Бұл халықтар көсемін сұмдық ашуландырды. Сосын ол «Мәскеуді «қоқыстан» тазартыңдар!» – дей салды. Өзі де әрең шыдап жүрген биліктің күткені де сол еді. Әбден тойдырып біткен, «астананың көркін кетіріп тұрған» мүгедектерді жаппай ұстау басталды. Құқыққорғау органдары, айдауыл жасағы, партиялық және партиялық емес белсенділер қаңғыбас иттерді аулағандай санаулы күннің ішінде көшеден, базардан, вокзалдан, тіпті, мазарлардан ұстап алды да, «құрметті һәм сүйікті Сталиннің» мерейтойы алдында Мәскеуден, тарих күресінге итере салған жарымжан жауынгерлер қорғап қалған мерекелі Мәскеудің өзінен шығарып тастады. Жеңімпаз армияның айдалып кеткен солдаттары өле бастады. Ол өте тез келген қырғын болды: жарақаттан емес, – жүректі күйдіре қайнап жатқан қан, тістене-тістене қарысып қалған ауыздардан шыққан: «Неге, жолдас Сталин?» деген сөздер, – көрген зәбірден. Міне, осылай «Отан үшін! Сталин үшін!» қан төккен жеңімпаз жауынгерлердің шешілместей көрінген мәселесі ақылды һәм қарапайым жолмен шешіле салды.
- Солай, басқасы басқа, дәл осы шаруаны біздің көсем шебер атқарды. Және анау айтқандай қиналмай-ақ бүкіл бір қауымды көшіре салды, – деп, даңқты қолбасшы Иван Конев сөзін түйіндеді».