ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 6 адам көз жұмды
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 6 адам көз жұмды
© inbusiness.kz
157
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды, – деп хабарлайды КТК. Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік апаттан зардап шеккендер ауруханада жатыр. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан бірден алты адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Оқиға бір күн бұрын Жарма ауданында, республикалық маңызы бар жолдың Шар қаласына жақын жерде болған. Жантүршігерлік кадрларды куәгерлер түсіріп алған. Облыстық полицияның мәліметінше, шетелдік көліктің 35 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ көлігімен соқтығысқан. 33 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен оның бес жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көліктің 35 жастағы жүргізушісі мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұдан өзге ақпарат жоқ.