Қазақстан мен Түркия қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын талқылады
Қазақстан мен Түркия қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын талқылады
154
оқылды
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Анкарада Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап. Руслан Жақсылықов Анкараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың делегациясы құрамында келді. Мәртебелі мейманның құрметіне Түркияның қорғаныс ведомствосы ғимаратының жанында құрметті қарауыл сапқа тұрды. Министрлер бауырлас екі мемлекеттің қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Қорғаныс ведомстволарының басшылары Түркия мен Қазақстан халықтарын байланыстыратын тарихи тұстардың бар екенін атап өтті. Түркия министрі Анкара мен Нұр-Сұлтан арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді екіжақты байланыстарды кеңейтудегі маңызды кезең деп атады. Акар Түркия-Қазақстан қорғаныс байланыстарын, оның ішінде бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды.