Промоутер Әлімханұлы мен танымал боксшы арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
Промоутер Әлімханұлы мен танымал боксшы арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
Photo by Steve Marcus/Getty Images
258
оқылды
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Крис Юбенкпен кездесу өткізуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz. Skysports.com ақпараты бойынша, ұлыбританиялық боксшының промоутері Бен Шалом бұл жекпе-жек туралы келіссөз бастап кеткен. Бірақ ол үшін Әлімханұлы 21 мамыр күні Юбенктің отандасы Дэнни Дигнумды жеңіп, WBО белбеуінің "уақытша" чемпионы атағына қол жеткізу керек. Егер бәрі ойдағыдай болса кездесу Sky Sports арнасындағы шоудың басты айқасы болады.
"Біз Жәнібек Әлімханұлымен кездескіміз келеді. Ол мамыр айында Дэнни Дигнумен чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Қазіргі уақытта біз осы кездесуге қатысты Top Rank промоутерлік компаниясымен келіссөз жүргізудеміз", - деді Шалом.
Айта кетейік, Юбенк Геннадий Головкинмен де кездесу өткізуге ниетті. Ол бүгін отандасымызды тағы да жекпе-жекке шақырды.