Атырауда нөсер жауыннан кейін үйлер су астында қалды
Атырауда нөсер жауыннан кейін үйлер су астында қалды
Фото: ТЖД-нен алынды
279
оқылды
Атырауда нөсерден кейін 7 тұрғын үй мен 25 көше су астында қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 21:00-ге дейін 7 жеке тұрғын үй, 15 аула мен 25 көшені жаңбыр суы басқаны анықталды. «Толассыз нөсер жауыннан Атырау қаласының аумағында 36 мм ылғал түсті. Бұл – айлық нормадан артық ылғал. Нөсердің салдарынан қаладағы тұрғын үй мен аула, көшелерді басқан су деңгейі 15 сантиметрге дейін көтерілген. Осы уақытқа техниканың көмегімен 2 679 текше метр су сорылды. Жаңбыр суын сору жұмысы жалғасып жатыр. Осыған орай арнайы штаб құрылды», – деді департамент өкілі.  width= Су соруға төтенше жағдайлар департаментінен 28 қызметкер, 6 техника, 9 мотопомпа тартылған. Ал, жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен «Арнаулыавтобаза» ЖШС мен «Атырау облысы Су Арнасы» КМК тарапынан 78 адам, 54 вакуум көлігі, 2 мотопомпа шығарылған.