Біртанов ісі: қылмыстық іс сотқа қайта түсті
Біртанов ісі: қылмыстық іс сотқа қайта түсті
Фото: azh.kz
148
оқылды
Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауына түсті, – деп жазады Tengrinews.kz. «Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында Е.А. Біртановқа, О.А. Әбішевке қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданды. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 11 мамырға сағат 10.00-ге белгіленді» делінген ресми мәліметте. Айта кетейік, Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.