Алматыдағы атыс: екі адамға оқ тиді
Алматыдағы атыс: екі адамға оқ тиді
Фото: kris_p_almaty_official
Алматыда атыс болды. Екі адам оқтан жарақат алып, ауруханаға түсті. Полиция департаментінің мәліметінше, 39 жастағы ер адам екі танысына травматикалық тапаншамен оқ атқан. Оқиғаға қатысты Медеу аудандық полиция басқармасы тергеуді бастады. «Бұл факт ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті – 1983 жылы туған У. есімді азамат ұсталып, қамауға алынды. Медеу ауданында тұратын үш ер адамның арасында жанжал туындаған. 39 жастағы тұрғын травматикалық тапаншадан 1973 жылы туған Б. және 1973 жылы туған Г. есімді екі адамға оқ атты», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Бұған дейін Алматыда дәрігерді атып өлтірген күдіктінің анасы мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз.