Қазақстанда алтын сатып алатындар көбейіп жатыр
Қазақстанда алтын сатып алатындар көбейіп жатыр
Фото: ult.kz
205
оқылды
Ranking.kz-тің жазуынша, биыл наурыз айында қазақстандықтар 167,2 келі алтын сатып алған. Бір айда 8,3 мың алтын құйма сатылған. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,9 есе көп. Салмағы жағынан салыстырғанда 3,5 есе өскен.  Кейінгі үш жылда қазақстандықтар жалпы салмағы 3 тонна алтын құйма сатып алған. Былтыр бір жылда 1,1 тонна 32,3 мың дана құйма сатылды. Алтын құйманы көбінесе, Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қаласының тұрғындары сатып алады. Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 г мөлшерінде екінші деңгейлі банктер мен валюта айырбастау орындарында сатылады.