Алматыда қатты нөсер жаңбыр жауды. Қала көшелері бейне бір өзенге айналғандай әсерге қалдырды.
Қазіргі уақытта нөсер жауын-шашын туралы дауылды ескертуден кейін аудан әкімдіктері мен тиісті мекемелер су тасқынын жоюға дер кезінде жұмылдырылғаны туралы айтылуда.
Сондай-ақ, «Қазселқорғау» қызметі де бақылау бекеттерінде бақылауды күшейткенін мәлімдеді.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша сағат 15.00-дегі жағдай бойынша 112 желісі мен 109-құтқару қызметіне Райымбек даңғылы, 234 және Әйтиев көшесіндегі №8, №6 мекенжайындағы аулалармен, сол маңдағы тұрғын үйдің жертөлелерін су басып жатқаны туралы екі хабарлама келіп түскен.