Алматыда ертең екі аудан уақытша жарықсыз қалғалы тұр
Алматыда ертең екі аудан уақытша жарықсыз қалғалы тұр
Фото: vyksavkurse.ru
166
оқылды
Ертең оңтүстік астанадағы Алатау ауданына қарасты бірнеше ықшамаудан кезекті жөндеу жұмыстарына байланысты жоспарлы түрде электр қуатынан ажыратылады. Сондай-ақ қаланың Жетісу ауданындағы кейбір абоненттерде жарық болмайды. Бұл туралы Алматының жарығына жауапты «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның өкілдері хабарлады. «12 мамырда жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты жоғары вольтті желіні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін «Шаңырақ-2» ықшам ауданындағы жеке секторда орналасқан 1131 тұрғын үйге электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар осы уақыт аралығында Әубәкіров, Жалаңтөс баһадүр, Қаракемер, сондай-ақ «Көк қайнар» ықшамауданындағы Абай көшелерінде жарық болмайды» делінген «Алатау Жарық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Сонымен қатар, трансформаторлық қосалқы стансаның жабдықтарын ауыстыруға байланысты уақытша электр энергиясыз қалатындардың қатарында Жетісу ауданында орналасқан №163 балабақша да бар. Сонымен қатар осы ауданда орналасқан бірнеше бизнес нысандары да жарықтан уақытша ажыратылады.

Алматы