ҰҚК Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты

ҰҚК Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға – 6 маусымға дейін ұзартылды, – делінген Informburo.kz сауалына ҰҚК баспасөз қызметі берген жауабында. ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловты да 6 маусымға дейін, Дәулет Ерғожинді 13 маусымға дейін қамауда ұстауға шешім шыққан.