Әлем чемпионатында екі боксшымыз жеңіске жетті
Әлем чемпионатында екі боксшымыз жеңіске жетті
239
оқылды
Қазақстандық спортшылар бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті жалғастыруда, деп хабарлайды Olympic.kz. Әлем біріншілігінің күндізгі сессиясында 52 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Жайна Шекербекова сынға түсті. Оның аталған бәсекедегі алғашқы қарсыласы пуэрторикалық Мелоди Варгас болды. Ал 57 келіде Карина Ибрагимова Румыния спортшысы Клаудия Нечитамен қолғап түйістірді. Қазақстандық қос атлет те алғашқы айналымдағы қарсыластарын ұтты. Әрі қарай Жайна Шекербекова 1/8 финалда жапониялық, ал Ибрагимова испаниялық спортшымен кездсеседі. Айта кетерлігі, әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 20 мамырға дейін жалғасады.