Басына оқ тиген алматылық тұрғынның жағдайы ауыр
Басына оқ тиген алматылық тұрғынның жағдайы ауыр
Алматыда басына оқ тиген ер адамның жағдайы ауыр. Орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары басына оқ тиген адамға күрделі операция жасады.
«Науқас орталық қалалық клиникалық ауруханаға бас миының ашық жарақатымен түсті. Дәрігерлер оған шұғыл түрде операция жасады. Қазір науқастың жағдайы ауыр тұрақты деп бағаланып отыр», - деп жауап берді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Бұған дейін Алматыда 39 жастағы ер адам екі танысына травматикалық тапаншадан оқ атқан еді.