Айсамалдың еншісінде қола жүлде бар
Айсамалдың еншісінде қола жүлде бар
172
оқылды
Грекияның Ираклион қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні +87 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Айсамал Сансызбаева қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық ауыр атлет қоссайыс қорытындысы бойынша 252 келіні (серпе көтеруде – 112 келі, жұлқа көтеруде – 140 келі) еңсерді. Бұл салмақта оңтүстіккореялық Хе Чжон Парк 281 келі (120+161) көрсеткішпен алтын жүлдені еншіледі. Тағы бір оңтүстіккореялық атлет Хье Ен Ким қоссайыс қорытын­дысында 253 келіні төбесінен (108+145) асырып, күміс жүлдеге ие болды. Бұдан бұрын осы біріншілік бары­сында қазақстандықтар ара­сын­да Алексей Чуркин күміс жүлдегер атанған болатын. 73 келі салмақта бақ сынаған Алексей 329 (146+183) келіні ырқына бағын­дырды. Барлық алты мүмкіндігінің бесеуін сәтті пайдалан­ды. Бұл салмақта индонезиялық Жулиансиах Ризхи топ жарса, америка­лық Риан Енри үштікті түйіндеді.

Әбілмансұр ЖАСАН