Таэквондошыларда – үш медаль
Таэквондошыларда – үш медаль
Бразилияда өтіп жатқан сурдлимпиада ойындарында таэквондошылар жарысы аяқталды. Аталған турнирде 58 келіде сынға түскен ұлттық құрама капитаны Аян Әбдіраш қола жүлдені еншісіне байлады. Құрама сапында 68 келіде ел намысын қорғаған Нұрдәулет Жақып пен +80 келіде сынға түскен Фрундин Виктор да үшінші орынға тұрақтап, қола медаль иегерлері атанды. Бұдан бөлек, ядро лақтырудан Ольга Хижнякова да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол Қазақстан қоржынына үшінші күміс жүлдені салды. Спортшымыз 12.32 м нәтижесімен екінші орынға тұрақтады. Жеңіл атлетикадан Фархат Қыстаубаев кедергілермен жүгіруден қола жүлдені иеленсе, Раушан Бейсебай сырықпен секіруден үздік үштік қатарынан көрінді. Ал Ольга Хижнякова балға лақтырудан тағы бір қола жүлдені жеңіп алды. Бразилиядағы сурдлимпиада ойын­дарында Қазақстан қоржынында әзірге 3 күміс, 15 қола жүлде бар.

А.ЖАСАНҰЛЫ