Халықаралық әуежайда 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді
Халықаралық әуежайда 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді
Фото: inform.kz
180
оқылды
Қытайда таңертең әуежайда 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді, – деп жазады inform.kz. Чунциндегі Цзянбэй халықаралық әуежайында Чунцин-Лхаса бағытындағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен соң өртенді. Ұшақта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болды. Барлығы эвакуацияланды, алайда өрттен зардап шеккендер бар. Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 08:09-да Tibet Airlines компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағынан сырғып шығып, өртеніп кеткен. Құтқарушылар 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесін қауіпсіз жерге шығарды. Жарақат алған 40-тан астам жолаушы ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.