Кеше Қазақстанның Азаматтық альянсының кеңсесінде «Конституциялық реформа: мемлекеттік басқаруды трансформациялау» тақырыбында конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша өңірлік өкілдіктердің қатысуымен референдумды қоғамдық қолдау штабы мүшелерінің бейнекөпірі өтті.
Шара Қазақстанның Азаматтық альянсының орталық кеңсесі мен аймақтық өкілдіктерінің негізінде ұйымдастырылды.
Альянс президенті Бану Нұрғазиева видеокөпір жұмысын ашып, Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақмерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын Жолдауда белгіленген саяси реформалардың 10 басым бағытын атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мажілісінің осы жылдың қаңтар айындағы отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» айдарымен сөйлеген сөзінде және наурыз айындағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында еліміздің экономикасының өсіп-өркендеуі мен халықтың әл-ауқаты деңгейінің жақсаруы үшін түбегейлі реформаларды тез арада жүзеге асыру қажеттігін айтқан. Ал осы реформаларды ең алдымен Ата заңымызға қазіргі заман талаптары мен халықтың мүдделерін қорғауға бағытталған тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізуден бастау керегі айдан анық еді. Еліміздің басты Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың заңдылығына тиісті бағасын беру жөніндегі сұрауына Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің оң бағадағы қорытындысын алған Президентіміз осы жылдың 5 мамырында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселе бойынша халықтың еркі мен пікірін ескеру мақсатында 2022 жылдың 5 маусымында Республикалық Референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының еліміздің өміріндегі түбегейлі оң бетбұрыстарға жасаған қадамдарын және қоғам мен әрбір азаматтың пікірі ескерілетін Республикалық Референдум өткізуді толығымен қолдаймын, – деді ол.Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар ZOOM-ға қосып, онлайн форматта қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.