Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды
Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды
Фото: ridus.ru
Шымкентте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған соң тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды, – деп жазады otyrar.kz. Полицейлер күдіктіні бір күннен кейін қала аумағынан ұстады. Ол мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған еді. Енді түзеу мекемесінен қашып кеткені үшін де жауапқа тартылады.
«12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азаматты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады» делінген департаменттің ресми хабарламасында.
Тергеу жүргізіліп жатыр.