«Дамудан» 13 миллион теңге алып беремін» – жас қызға сенген тұрғындар 3,2 миллион теңгесінен айырылды
«Дамудан» 13 миллион теңге алып беремін» – жас қызға сенген тұрғындар 3,2 миллион теңгесінен айырылды
Фото: nur.kz
207
оқылды
Полицейлер «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан 13 миллион теңге алып беремін» деп тұрғындарды алдаған жас қызды ұстады, – деп жазады Polisia.kz. Полицияға екі тұрғын арызданды. Олардың айтуынша, танысы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығынан 13 млн теңге ақша алып беремін» деп ақша алған. Біреуі 260 мың теңге, екінші жәбірленуші 2,9 млн теңгеден астам ақша берген. Жалпы шығын көлемі – 3,2 миллион теңге. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, жас қызды ұстады. Күдікті алған ақшаны өз қажеттілігі үшін жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.