Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта терезеге ілініп тұрған қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үндеу жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жағдайым жақсы. Жаңа ғана үш бөлмелі пәтер берген құрылыс компаниясының кеңсесінен шықтым. Құжаттарды толтырып шықтым. Маған көмектескен досыма да екі бөлмелі пәтер беріледі деді. Қазір құжаттарын дайындап жатыр", – деді Шонтақбаев Tengrinews.kz тілшісіне.Ер адам оған белгісіз біреулер телефон соғып, кешегі әрекеті үшін алғыс айтып жатқанын атап өтті.
"Бәрін бірдей есте сақтай алмаймын, бәрі алғыс айтып, қолдап жатыр. Жезқазған, Көкшетау, Талдықорған, Алматыдан, жан-жақтан телефон соғып жатыр. Тіпті, көбін танымаймын", – дейді ол.