«AMANAT» партиясы театр ұжымына референдумның маңыздылығын түсіндірді
«AMANAT» партиясы театр ұжымына референдумның маңыздылығын түсіндірді
Бүгін елордада «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері референдум өткізуді қолдау мақсатында М.Горький атындағы орыс драма театрының шығармашылық ұжымымен кездесті. Жиын барысында «AMANAT» партиясының хатшысы Ринат Кертаев штабтың басты міндеті – қазақстандықтарға саяси реформалар мен алдағы референдумның мәнін түсінікті тілмен жеткізу екенін атап өтті.
«Алдағы референдум еліміздің болашағын айқындайтыны сөзсіз. Сондықтан да біз саяси реформалардың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіру үшін ерекше күш салуымыз керек», – деді Ринат Кертаев.
 width= Кездесу барысында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева, Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов, М.Горький атындағы орыс драма театрының директоры Ернар Жұматаев та өз пікірлерімен бөлісті.