Түркістан облысында 1 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
Түркістан облысында 1 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
149
оқылды
12 мамырда «112» қызметіне Түркістан облысы  Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2021 жылғы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. ТЖД ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. https://youtu.be/kqwUq9YAskk