Әділет вице-министрі лауазымынан босатылды
Әділет вице-министрі лауазымынан босатылды
333
оқылды
Азамат Әмірғалиев Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарланды.
«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
1998 - 1999 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаментінің аға маманы, бас маманы болып қызмет атқарды. 1999 - 2001 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау және халықаралық донорлық көмек үйлестіру мәселелері бойынша басқарманың бөлім басшысы. 2001 - 2003 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, директордың орынбасары, департамент директоры. 2003 - 2006 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары бойынша комитеті төрағасының орынбасары. 2006 - 2006 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары. 2006 - 2009 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2009 - 2011 - «Альянс Банк» АҚ Корпоративті хатшысы. 2011 - 2017 - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Заң бөлімінің меңгерушісі. 2017 - 2019 - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы аппаратының басшысы. 2019 - 2020 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі қызметін атқарды.