Біртановқа қатысты істі тоқтатудан бас тартты
Біртановқа қатысты істі тоқтатудан бас тартты
231
оқылды
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты басты сот отырысы 26 мамырда өтеді. Бұл туралы кеше Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында өткен алдын ала сот тыңдауы кезінде белгілі болды. Сондай-ақ сот Біртановқа қатысты істі тоқтатудан бас тартты. «Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті айыптау бойынша қылмыстық іс материалдары қаралды. Осылайша сот айыптылар мен олардың қорғаушыларының ҚР ҚІЖК-де болған бұзушылықтарды жою үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтініштерін қанағаттандыру, қылмыстық істі тоқтату және Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуден бас тартуды қаулы етеді. Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевтің айыптауына қатысты негізгі сот отырысы жалпы тәртіппен ашық түрде өтеді. Сотталушыларға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады. Яғни қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды», – деді Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов. Басты сот отырысы 26 мамырда сағат 10.00-ға белгіленіп отыр.