Әділ сайлаудан бастау – құптарлық іс
Әділ сайлаудан бастау – құптарлық іс
– Жақында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша жалпыреспубликалық референдум өткізу туралы ұсыныс тастады. Соның ішінде сайлау жүйесін жетілдірудің жаңа моделі жұрттың қолдауын таба ала ма? Сайлауды өкілдік жүйеден аралас жүйеге ауыстырудың тиімді тұсы бар ма? Президенттің ұсынысы қазір қызу талқыланып жатыр. Қоғам өкілдері өз ойларын ортаға салып, пікірін білдіруде. Бұл – заңды. Өйткені Конституцияға енуі тиіс өзгерістер уақыт талабынан туындап, халықтың пікірі ескерілгеннен кейін ұсынылды. Ал заман талабын іске асыру үшін нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту керек. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Жаңа Қазақстанды жасайтын іргетас. Себебі құжатқа енетін өзгеріс қарапайым халықтың мемлекеттік басқару жүйесіне араласу құқығының кеңейетінін білдіреді. Халық осы арқылы әртүрлі мемлекеттік басқару жүйесіне қатысуға мүмкіндік алады. Бұған дейін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары партиялық тізім арқылы сайланып келсе, енді пропорционалды-мажоритарлық жүйе республикалық және өңірлік деңгейлерде де сайлаушылардың мүдделерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз жергілікті жерде қолдау тапқан кез келген адам халықтың игілігі үшін бар күш-жігері мен ақыл-ойын жұмсауға тамаша жол. Оған қоса халық таңдаған депутат көңілден шықпай жатса, сайлаушылардың үмітін ақтай алмаса, халық сайлаған депутаттың мандатын дауыс беру арқылы қайтарып алуға ие болады. Сонымен қатар партиялық тізім бойынща сайлауға түсу қарапайым халық үшін жеңілдетілді. Партияны тіркеу рәсімі бұрынғыға қарағанда оңайлатылды. Мысалы, оларды тіркеу үшін қажетті сандар қысқартылды. Қандай да бір сала бойынша қызығушылықтары бар адамдардың бірігіп партия құруына мүмкіндік беріліп отыр. Сайып келгенде, қарапайым халықтың ертеңгі күнін жарық ететін даңғыл жол ашылғалы тұр. Яғни, референдум өткізу, сайлау жүйесін өзгерту демократиялық жолға түсіп, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға деген екі түрлі мемлекет концепциясының нақтылы жүйеге асыруға арналған нақты қадам. Әділ Қазақстанды құруды әділ сайлаудан бастау құптарлық.