AMANAT: Ауыл тұрғындарының шағымын тыңдап, канал үстіне көпір салып берді
AMANAT: Ауыл тұрғындарының шағымын тыңдап, канал үстіне көпір салып берді
186
оқылды
AMANAT партиясының Тараз қалалық филиалына Шөлдала елді мекенінің тұрғындары қауіпті канал үстінен қоршауы бар аспалы көпір салып беруді сұраған болатын. AMANAT партиясының Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімінің және партияның депутаттық фракциясының мүшелері аталған мәселе бойынша көмек көрсетті. Нәтижесінде, Ж.Бүркітбаеваның араласуымен канал үстіне аспалы көпір салынып, пайдалануға берілді. Мәселе оң шешімін тапты. Жұмсалған қаражат шамамен 500 мың теңге болды.