AMANAT партиясы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Онды ауылында қоғамдық қабылдау өткізді. Партияның қоғамдық қабылдауында ауыл тұрғындары жыл сайын жаз айында болатын су тапшылығы мен тозығы жеткен 2 су скважинасын тазалау мәселесін шешуді сұрады. Ауыл тұрғыны, «Дария» МКК қызметкері Ш.Дәуітбаевтың өтінішін қабылдаған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, "Маңғыстаумұнайгазға» қарасты «ҚаламқасМұнайГаз» ӨБ басшысы Нұрпейіс Сарсенбай құдық тазалайтын арнайы техникалары мен мамандарын жіберіп, скважиналарды тазалап жатыр. Онды ауылының тұрғындары халықтың шағымын тыңдап, проблеманы шешкен AMANAT партиясына алғыс айтты.