Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Фото: m.123ru.net
195
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 12 мамыр күні күдікті Қайрат Сатыбалдыға қатысты тұтқында ұстау түрінде санкцияланған бұлтартпау іс-шарасының мерзімін тағы 1 ай мерзімге ұзартты, – деп хабарлайды inform.kz. Тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа да қатысты тұтқында ұстау түрінде санкцияланған бұлтартпау іс-шарасының мерзімін тағы 1 ай мерзімге ұзартылғанын жария етті. Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осыған дейін Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.