Алдағы екі-үш күнде 35 градусқа дейін ыстық болады
Алдағы екі-үш күнде 35 градусқа дейін ыстық болады
Фото: elitar.kz
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 14-16 мамыр аралығында ауа температурасы көтеріледі. Алдағы демалыс күндері Қазақстанның ауа райына Солтүстік Атлантикалық циклонның жылы секторымен және онымен байланысты атмосфералық фронт әсер етеді. Шығыс, батыс және таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді. Десе де, ауа температурасы төмендемейді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр бағаны 17-25 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін көтеріледі.