Алматыдағы 1-сынып оқушысы зорланды деген мектепте кемшіліктер анықталды
Алматыдағы 1-сынып оқушысы зорланды деген мектепте кемшіліктер анықталды
Фото Informburo.kz
307
оқылды
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыдағы 1-сынып оқушысы зорланды деген мектепте бұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.  Кеше БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайларды зерттеу үшін Алматыға барды. Олар оқушының отбасына барды. Балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ комитет қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Еске сала кетейік, қазір қалалық полиция департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр және зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сонымен қатар олар Алматы қаласындағы «Мариям» жекеменшік ұйымының әкімшілігімен және ұстаздарымен әңгімелесті. Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды құруда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар бұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданады. Бұған дейін зорланған 1-сынып оқушысының әкесі оқиғаға қатысты мән-жайды айтқанын хабарлаған болатынбыз.