Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша баспасөз конференциясы өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов маңызды деректерді бөлісті.
- Бюджет шығындарының жалпы сомасындағы мемлекеттік сатып алу үлесі шамамен 30%.
- Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрбір бесінші қылмыс мемлекеттік сатып алумен байланысты.
- 2020 жылдан биылғы жылдың І тоқсанына дейін мемлекеттік сатып алу бойынша 418 қылмыстық іс аяқталған.
- Мемлекеттік сатып алу бойынша қылмыс жасағаны үшін 162 адам сотталған.
- Соңғы екі жылда ішкі мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғаларына қатысты 27 қылмыстық іс тіркелген.
- Кейбір өңірлерде сатып алудың төрттен үш бөлігі бәсекелестіксіз өткізіледі.
- Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері 268 млрд теңгеге 500-ге жуық ақпараттық жүйені сатып алған.
- 230 млрд теңгенің 80%-і бір көзден сатып алу тәсілі арқылы игерілген.
- Мемлекеттік сатып алудың басым бөлігі бағаны негізсіз көтеру арқылы жоспарланады.
- «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі қолданысқа енген екі жыл ішінде шамамен 74 млрд теңге сақталып қалды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны жасанды көтерген шенеуніктерді жауапқа тартуды ұсынады.