Алматыда дзюдодан Азия кубогі басталды
Алматыда дзюдодан Азия кубогі басталды
Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі басталды. Азия кубогіне 2005-2006 жылы туған жасөспірім, 2002-2004 жылдары туған жас дзюдошылар қатысады. Аталған құрлықтық бәсекеде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және АҚШ құрамаларынан 700-ден астам спортшы бақ сынайды. Азия кубогі Қазақстанда осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес әлемдік рейтингте ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі. Турнир 15 мамыр күні аяқталады.   Дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінің жарыс кестесі: 13 мамыр Жасөспірімдер Жарыстың басталуы – 10:00 Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:30 Финалдық белдесулер – 17:00 Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг Қыздар: -40 кг, -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг 14 мамыр Жарыстың басталуы – 10:00 Финалдық белдесулер – 17:00 Жасөспірімдер Ұлдар: -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг; Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг; Жастар Ұлдар: -60 кг, -66 кг; Қыздар: -48 кг, -52 кг; 15 мамыр Жастар Жарыстың басталуы – 10:00 Финалдық белдесулер – 17:00 Жастар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг; Жасөспірімдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;