Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы штамдарының айналымына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
"Биыл сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы 98,6 %-да анықталды, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стелс-Омикрон» штамы 36,7%-да анықталды. Сондай-ақ, B. 1.617-like Delta штамы айналымда жүр және зерттелетін сынамалар санының 1,4%-ын құрайды", – делінген хабарламада.ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол осы айдың соңына қарай аяқталады. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақытылы жүргізуді ұсынады.
"6 ай бұрын және одан да көп уақыт бұрын вакцинация курсын алған адамдар ревакцинациялауға жататынын естеріңізге саламыз", – делінген ақпаратта.Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін халыққа вакциналардың 3 түрі (Пфайзер, Синофарм және КазВак) қолжетімді, олардың 2-уін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.