AMANAT партиясының қатары жаңа азаматтармен толықты. Олардың арасында спорт, денсаулық сақтау, білім беру саласының өкілдерімен қатар, жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтар да бар.
Мәселен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің спорт кафедрасының меңгерушісі Наталия Сиротина жеңіл атлетикадан Қазақстанның 6 дүркін чемпионы. Байзақ аудандық №8 спорт мектебінің жаттықтырушысы Елтай Шарапи 2014 жылғы Малайзия мемлекетінде таэквондодан жасөспірімдер арасында өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері. Жуалылық Бақытжан Бекболат еркін күрестен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.