Ләззәт Күнгейбаева әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіліп қалды

Ләззәт Күнгейбаева әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева 2022 жылы Ыстамбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді. 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болған Күнгейбаева Ыстамбулда бірінші айналымда түркиялық Шеннур Демирмен кездесіп, жеңіліп қалды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бұл кездесуде 5:0 есебін тіркеді. Осылайша, Ләззат Күнгейбаева бірінші кездесуінде-ақ жеңіліп, турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.