Сайлаушылар саяси шараның нәтижелігіне сенімді
Сайлаушылар саяси шараның нәтижелігіне сенімді
194
оқылды
Жалпыхалықтық референдум мерзімі жақындаған сайын Парламенттің қос палатасындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері өңірлердегі сайлаушылармен кездесуді жиілетіп, алдағы саяси шараның маңыздылығын түсіндіруді үдете түсті. Осыған орай Мәжіліс де­пу­тат­тары, «AMANAT» фракциясының мү­шелері Айгүл Нұркина, Вера Ким және Анатолий Бойчин Пав­ло­дар облысында білім беру және ден­саулық сақтау салаларының өкіл­дерімен, сондай-ақ Павлодар қа­ласы Трамвай басқармасының ұжымымен кездесті. «Ұсынылып отырған өз­геріс­тер­дің маңыздылығын ескере оты­­рып, Қазақстанның бола­ша­ғын айқындайтын жалпыхалық­тық дауыс беру шарасы арқылы та­рихи шешімдер қабылданады. Бұл елдің, жердің тағдырына жа­на­­шыр, мемлекеттің ертеңіне үміт­­­­пен қарайтын әрбір азаматты бей­жай қалдырмасы анық», – деді Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина. Депутаттар халықпен әңгі­ме­лесу барысында Мемлекет бас­шы­­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­­­­тамасымен Ата Заңды жетіл­діру үшін республикалық рефе­рен­дум өткізудің қажеттілігі қан­ша екенін түсіндіріп қана қоймай, оған енгізілетін өзгерістер мен то­лықтырулар туралы жан-жақты тәп­тіштеп айтып берді. Атап айт­қан­да, олар көпшілікпен бірге су­­­­перпрезиденттік модельден пре­­зиденттік республикаға түп­кі­лікті көшу, бірқатар билік өкі­лет­тігін қайта бөлу, Парламенттің рө­лі мен мәртебесін күшейту жайын талқылады. «Референдум Қазақстан халқы үшін өзінің саяси кемелдігі мен жауап­кершілігін көрсетуге беріл­ген үлкен мүмкіндік деп ойлай­мын. Бұл реформалар айтулы өз­герістерге апарады. Менің өмі­рім­де ре­фе­рен­дум бірінші рет болғалы тұр. Отба­сым­мен бұл іс-шараға бара­мыз деп жос­парлап отыр­мын», – дейді кар­диологиялық ор­талықтың дәрі­гері Думан Изгут­динов. Қорыта айтқанда, рефор­ма­ның басты мақсаты – нақты саяси бә­секелестік үшін жағдай жасау, халықтың мемлекетті басқаруға қа­тысуын арттыру, қазақстан­дық­тардың құқығын қорғаудың конс­ти­туциялық тетіктерін күшейту. Көп­шілік сайлаушылар саяси шара­ның көздеген мақсатқа қол жет­кізіп, осы үдеден шығатынына се­нім білдіреді.