Кәсіпкерлер де қолдау білдіреді
Кәсіпкерлер де қолдау білдіреді
166
оқылды
Республика бойынша өт­кі­зілетін референдум төңі­ре­гіндегі маңызды сұрақ­тар­ға жан-жақты жауап бе­ру үшін қоғамдық ой-пікірді та­л­қылап-таразылау мақ­са­тында Парламент Мәжі­лі­сі төрағасының орынба­са­ры, «AMANAT» партиясы рес­публикалық штабының мү­шесі Балайым Кесебаева кә­сіпкерлермен кездесті. «Президент Қ.Тоқаев мем­ле­кет­тің ісін барлық өлшем бо­йын­­ша халық өзі айқындайтын жағ­дайға жеткізу үшін рефе­рендум өткізгелі отыр. Ел Конс­ти­ту­ция­сы бірнеше рет өзгерді, бірақ бар­лығы Парламент арқылы ше­шіліп келген еді. Енді үлкен өз­герістер болуына байланысты ре­ферендум қажет болып тұр. Өйт­кені Конституцияның 33 ба­бына, яғни үштен бір бөлігіне өз­геріс енгізілмекші. Әсіресе, ең кө­кейкесті мәселелер – жер, оның қойнауы, қазыналары ха­лық­тың меншігі деген концеп­туал­ды тың тұжырым жасалды. Бас­қа да үлкен-үлкен мәселелер бар. Бастысы, суперпрезиденттік басқару үлгісінен мықты Пар­ла­ментке сүйенетін президенттік бас­қару үлгісі енгізілгелі отыр», – деді кездесудің маңыздылығына тоқ­талған республикалық штаб мү­шесі Балайым Кесебаева. Жиында жергілікті кәсіп­кер­лерлер пікірі мен орамды ойын ортаға салды. Олар алдағы конс­титуциялық референдум тек бір қала немесе облыс тағды­ры­на байланысты емес, тұтас мем­ле­кеттің болашағына әсер ете­тін, бұдан да жарқын келе­шек­тің іргетасын қалайтын аса маңызды шара екенін атап өтті. Сон­дай-ақ заңнамалық өзгеріс­тер­де қара­­­пайым халықтың ұсы­ныс-пікірі ескерілсе деген тіле­гін де жеткізді. Барлық ұсыныс штаб өкіл­дері тарапынан назарға алынды.